20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оған әскери тарих, археология, этнография, мұрағат ісі, мұражайтану саласын зерттеушлер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Польша, Әзербайжан және Италия елдерінің өкілдері қатысты.
Зерттеушілер әскери мұраны зерделеу мен мұрағат жұмысының проблемалық аспектілерін қозғады. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы, қазақстандық жауынгерлердің фашистік басқыншыларды жеңуге қосқан үлесі және әскери тарихтың басқа да мәселелері туралы айтылды.
ІІ дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың даңқы мен рөлі тарихымыз бен ұрпақ үшін өте маңызды. Қазақ халқы ежелгі заманнан бері барлық шайқастарда ерлік пен табандылықтың лайықты үлгісі болған. Мәселен, Шығыс халықтарының арасында қазақтар Кеңес Одағының батырларының саны бойынша бірінші орында тұр. Тарихта әлі де көптеген ақ ақтаңдақтар бар. Хабарсыз кеткен адамдар әлі де көп. Біз қанша қазақстандық тұтқында болғанын білмейміз. Сондықтан Ұлы Отан соғысы тарихына әлі нүкте қойылған жоқ, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары тарих ғылымдарының докторы Аяған Бүркітбай.
Бұл тұрғыда ғалымды Астана қаласындағы әзірбайжандардың «Хазар» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махир Мұхтароғлы қолдады. Ол ІІ дүниежүзілік соғыс тарихын және Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін терең зерттеу қажеттігін атап өтті.
Польша Республикасының әскери атташесі подполковник Александр Сухенек қазақстандық тарапқа тығыз ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, әскери тарих мәселелерінің отандастары үшін маңыздылығын атап өтті.
Варшавадан онлайн режимде доктор Ева Ковальска «Ұлттық есте сақтау институтының іздеу және сәйкестендіру бөлімінде жүргізілген Шығыстағы поляктардың ескерілмеген Жерлеу орындарын зерттеу» атты баяндама жасады.
Конференцияда әскери мұражайларды дамыту және Қарулы күштердің жауынгерлік дәстүрлері негізінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?