Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАҚШ-тағы Калифорния университетінің (Ирвайн) ғалымдары аптап ыстықтың егде жастағы адамдардың иммундық жүйесі мен ішегіне кері әсер ететінін анықтады. Бұл организмді Vibrio vulnificus атты қауіпті бактерияның өршуін арттырып, инфекция қаупін күшейтеді. Бұл бактерия бүгінде жылы теңіз жағалауларында жиі кездеседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Science of the Total Environment журналы жазды.
Зерттеу барысында ғалымдар әртүрлі жастағы тышқандарды заманауи климаттық жағдайларға тән температурада ұстап, тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде егде тышқандарда ішек зақымдануы, жүйелі қабыну және иммундық қызметтің бұзылуы байқалған. Сондай-ақ, олардың ішегінде антибиотиктерге төзімді бактериялардың көбеюі тіркелген.
Ғалымдар алғаш рет жылу стрессі мен ішектің нашарлауы арасындағы тікелей байланысты дәлелдей алды. Бұл жағдай қауіпті инфекциялардың даму қаупін едәуір арттырады. Алайда, егде тышқандарға Roseburia intestinalis пробиотигін беру арқылы олардың иммунитетін қалпына келтіріп, инфекция белгілерін азайту мүмкін болған.
Зерттеу нәтижелері ішек денсаулығын күшейтудің маңыздылығын көрсетіп отыр.
Бұған дейін аптап ыстықта сусызданудан қалай сақтану керектігін жазған едік.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады