Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан атынан «Ғалам аруы-2023» байқауында бақ сынаған Томирис Заир отандастарына алғысын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 жастағы бойжеткен сұлулық байқауында қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын жеткізді.
Қазақстан, қолдауға рахмет! Мен сені жақсы көремін. Бұл өте үлкен тәжірибе және мұндай ауқымды жобада ел атынан өнер көрсетуге берілген мүмкіндік! Әрқайсысыңызға рахмет! Сенім үшін, қолдау және махаббат үшін рахмет! Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қыздармен таныстып, өзге елдердің мәдениеті туралы сәл де болсын біле түстім, - деп жазды ол Instagram-да.
Томирис өзгелерді армандаудан қорықпауға шақырды.
Өз-өзіңізді көрсетуден, армандаудан, өз әлеуетіңізді көрсетуден қорықпаңыздар! Өз қалағанымызға қол жеткізуге лайықпыз, - деді ол.
Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехо сенбі күні кешке Сальвадорда өткен 72-халықаралық «Ғалам аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Шейнис Паласиос «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан алғашқы әйел атанды. Екінші орынды Таиланд өкілі 27 жастағы Аннтония Порсильд иеленді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек