Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыШымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты алыпқашпа әңгімелерге нүкте қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экс-әкім өзінің де, жақындарының да шетелде ешқандай баспанасы жоқ екенін алға тартты.
2019 жылдың маусым айында мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) шақыруымен Лондонға үш күндік қызметтік іссапарға ұштым. Сапардың мақсаты Шымкентте екі кәріз тазарту құрылысын (КОС) салу үшін ЕҚДБ-мен инвестициялар тартуға арналған меморандумға қол қою болды. Өйткені қалада жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту жүйелерінің қуаты жеткіліксіз еді. Мемлекеттік бюджеттен бұл мақсаттарға қаржы көзделмеген болатын. Лондондағы қорытынды келіссөздердің нәтижесінде ЕҚДБ вице-президентімен осы мәселе бойынша біз тиісті меморандумға қол қойдық. Бұл Шымкенттің дамуы мен оның тұрғындарының әл-ауқаты үшін аса маңызды құжат еді, - дейді ол.
Ғабидолла Әбдірахымов қала басшысы қызметінен босатылғанына төрт жылдай уақыт болды. Сөйте тұра экс-әкімнің айналасында түрлі әңгіме әлі күнге дейін айтылады. Енді ол жабылған жалаға төзбей, бұдан былай ондай адамдармен заң аясында сөйлесетінін ескертті.
Мен туралы көрінеу жалған ақпарат таратып, ғайбаттап, жала жабумен айналысатын кез келген адаммен заң аясында сөйлесетінімді ескерткім келеді, - деді Шымкенттің бұрынғы әкімі.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады