Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас бапкер қызметін Кака лақап атымен танымал бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигуэра Силва атқарады. Ол құрамада 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жуырда онымен келісімшарт тағы екі жылға ұзартылды.
Жақында ғана карьерасын аяқтаған 33 жастағы Дәурен Нұрғожин бас бапкер көмекшісі болады.
Команданың физикалық даярлығына 45 жастағы бразилиялық Вендель Луиз Бастос Э Силва жауапты. Ол биылғы маусымда «Семей» клубының бапкерлер штабына енген.
Қақпашылармен 39 жастағы құраманың бұрынғы ойыншысы Григорий Шамро жұмыс істейді.
Қазақстанның бапкерлер құрамы:
Бас бапкер – Кака
Бас бапкердің көмекшісі – Дәурен Нұрғожин
Дене даярлығы – Вендель Э Сильва
Қақпашылар бапкері – Григорий Шамро.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді