29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыФутболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлем чемпионаты финалдық сатысына берілген соңғы жолдамаға Коста-Рика құрамасы ие болды. Құрлықаралық өтпелі ойында олар Жаңа Зеландияны 1:0 есебімен сүріндірді. Осылайша дүбірлі додада бақ сынайтын барлық құрама анықталды.
A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды;
B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс;
C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша;
D тобы: Франция, Дания, Тунис, Австралия;
Е тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика;
F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия;
G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун;
H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.
Әлем чемпионаты биылғы 21 қараша мен 18 желтоқсанда Катар мемлекетінде өтеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек