10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бапкер әлеуметтік желіде хабарлап, бағалы сыйлыққа алғысын жеткізді.
Бапкер және команда ретінде жанкүйерлер алдында тиісті межені орындамағанымызды білемін, тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз – футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз.
Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ. Сенім мен қолдау үшін барлығыңызға алғыс, - деп жазды Магомед Мұсаұлы.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіне тікелей жолдама ала алмағанымен, наурызды Ұлттар лигасы арқылы тағы да бағын сынап көреді. Алғашқы қарсыламыз Грекия құрамасы болмақ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді