20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Швейцарияның Цюрих қаласында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлық құрама 12 топқа (4-5 құрамадан) бөлінді. Төрт командадан тұратын алғашқы алты топқа (A-F) іріктеу турнирін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаса, қалған 5 командадан тұратын 6 топ (G-L) 2025 жылдың наурызында бастайды.
Қазақстан құрамасы J тобына түсті. Қарсыластар қатарында Бельгия, Уэльс пен Солтүстік Македония, Лихтенштейн бар. Финалдық кезеңге 12 топтың жеңімпазы тікелей шықса, қалған төрт жолдама үшін топта екінші орын алған және Ұлттар лигасы арқылы іріктеуге шыққан төрт команда таласады.
Іріктеу матчтары 2025 жылдың наурыз айында басталып, қараша айында аяқталады.Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11-19 шілде күндері өтеді.
Футболдан әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. ФИФА-ның футбол шекарасын кеңейту бағдарламасы аясында турнирге бірден 48 құрама қатыспақ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?