19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкенттің «Ордабасы» клубы футболдан Қазақстан кубогының финалына берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттік клуб жартылай финалда өз алаңында елордалық «Астана» командасымен шеберлік байқасты.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Астана» 1:0 есебімен басым түсті.
Ойында «Ордабасы» сапынан Шахбоз Умаров 53-минутта мергендік танытты.
Нәтижесінде екі кездесудің қорытындысы бойынша таразы басы теңесіп, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймның 105-минутында Темірлан Ерланов есепті үстемелей түсті.
Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Енді 8 шілдеде «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай) командалары шеберлік байқасады.
Алғашқы ойында қостанайлық клуб аталған қарсыласын 1:0 есебімен жеңген еді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары