2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайФутболдан 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл доп додасына барлығы 14 команда қатысады. Олардың қатарында «Қайрат» (Алматы), «Астана», «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Елімай» (Семей), «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ұлытау» (Жезқазған) командалары бар.
Алғашқы тур 1-2 наурыз күндері өтеді. Бұл турда «Қызылжар» мен «Жетісу», «Астана» мен «Қайрат», «Ордабасы» мен «Ақтөбе», «Тұран» мен «Оқжетпес», «Атырау» мен «Елімай», «Қайсар» мен «Жеңіс», «Тобыл» мен «Ұлытау» кездеседі. Соңғы тур ойындары 26 қазанға белгіленген.
Биыл елімізде футбол шымылдығын Қазақстан суперкубогындағы «Ақтөбе» мен «Қайрат» ойыны ашады. Бұл кездесу «Астана-Арена» стадионында өтеді.
Былтыр Қазақстан чемпионатында алматылық «Қайрат» бас жүлдені жеңіп алса, «Астана» екінші, «Ордабасы» үшінші орын алды. Қазақстан кубогына «Ақтөбе» командасы қол жеткізді.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы 17 ақпанда Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат