Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының үшінші турында елордада Испаниямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қазақстандық жастар В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Испания, Венгрия, Шотландия, Мальта және Бельгия құрамалары.
Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық футболшылар қарсыласына лайықты деңгейде төтеп беруге тырысты. Испаниялық жастардың шабуылына тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығуға көңіл бөлді.
Ойынның 11-минутында испаниялық Фермин Лопес Мартин есеп ашып кетті. Бірінші кезеңде бұдан кейін гол соғылған жоқ.
Екінші кезеңде испаниялық клубтан Диего Лопес - 54, Фран Перес - 56, Саму Омородион 90-минутта мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді