19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының «Ақсу» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.
Ойын барысында павлодарлық клубтан Евгений Кобзарь 38, Андрей Соловей 57-минутта мергендік танытты. Оған қарағандылық клубтан Роман Мұртазаев 70-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Ақсу» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) 0:0 есебіне қанағат білдірді. Ал елордалық «Астана» Петропавлда «Қызылжарға» 0:1 есебімен есе жіберді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары