29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыФутзалдан қазақстандық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысында алғашқы ойынын бүгін Венгрияның «Халадаш» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қайрат» үшінші топта Испанияның «Пальма», Венгрияның «Халадаш» және Люксембургтің «Дифферданж» командаларымен кездеседі.
Бүгінгі кездесуде венгриялық ойыншылар белсенді бастады. Нәтижесінде Золтан Дрот 4-минутта есеп ашып кетті.
Одан кейін қазақстандық команда шабуылға көбірек көңіл бөлді.
Десе де, қарсылас ұжым қорғанысты күшейтіп, бұл шабуылға төтеп беріп жатты.
Ойынның 15-минутында «Қайрат» сапынан Альберт Ақбалықов таразы басын теңестірсе, 21-минутта Алекс Виана алматылық клубты алға шығарды.
Ал 39-минутта венгриялық командадан Сантос Кассемиро қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша, командалар 2:2 есебін қанағат тұтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек