Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында алғашқы үш ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматылық «Қайрат» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасымен кездесті. Кездесу барысында алматылық клубтан Жоао Паоло 9, Артур Шушеначев 40, Дмитрий Сергеев 75, Ян Труфанов 90-минутта мергендік танытса, Ілияс Әбіл 95-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша, алматылық клуб 4:1 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде қостанайлық «Тобыл» ақтаулық «Каспиймен» шеберлік байқасты. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Сондай-ақ Түркістан облысының «Мақтаралы» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтеріліп, бірінші лигаға түсіп қалу қаупінен қашықтай түсті.
Енді елордалық «Астана» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездеседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді