Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының 19-турында Семейдің «Елімайы» түркістандық «Тұранды» жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир кестесінде командалар қатарлас тұрған еді. Жеңіске жеткен жағдайда «Тұран» «Елімайды» қуып жететін. Түркістандық клубтың басты қарсыласынан бір ойыны кем болатын.
Екі команда кездесуі аса тартысты өтті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды «Елімай» футболшысы Арман Смайылов 85-минутта соқты.
Осылайша семейлік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Қазір аталған команда еншісінде 18 ойыннан кейін 50 ұпай бар. Ал «Тұран» 17 ойыннан 43 ұпай жинап, екінші орында тұр.
Аталған турда «Оңтүстік академиясы» «Қайрат-2» командасына 2:3, «Ақтөбе-2» «Түркістанға» 1:2, «Хан тәңірі» «Жас қыранға» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Ал өз алаңында «Екібастұз» «Таразды» 5:3, «Қыран» «Ақжайықты» 3:1, «Жеңіс» «Астана-2» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді