Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатында Семейдің «Елімайы» мен Түркістанның «Тұраны» Премьер-лигаға шығуға жақындап келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістандық «Тұран» бүгін, 15 қыркүйекте сырт алаңда Шымкенттің «Қыран» командасымен кездесті.
Кездесу барысында түркістандық клуб қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде жағдайын жақсартып, екінші орында тұр. Осылайша алдағы жылы Премьер-лигада ойнауға жақындай түсті.
Ал Семейдің «Елімайы» биыл 21 кездесудің 19-да жеңіске жетіп, 2-де ғана тең нәтижеге қанағат білдірді. Сол арқылы турнир кестесінде бірінші орында келеді. Премьер-лигаға оралуға алдағы турда қол жеткізуі мүмкін.
Аталған турда «Елімай» сырт алаңда «Екібастұзды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сондай-ақ бұл турда «Қайрат-жастар» «Астана -2» командасын 5:1, «Жеңіс» «Түркістанды» 2:1, «Оңтүстік академиясы» «Таразды» 4:0, есебімен тең түссе, «Арыс» пен «Жас Қыран», «Хан тәңірі» мен «Ақтөбе-2» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді