23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасы үшінші сатысындағы ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық клуб екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасын жеңген жағдайда үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен кездеседі.
Ал «Динамоға» есе жіберген жағдайда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Лудогорец» (Болгария) / «Олимпия» (Словения) жұбының жеңілген командасымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, елордалық команда қазірге дейін бірінші іріктеу сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасын (2:1, 1:1) шаң қаптырды.
Енді шілденің 25-нен 26-на қараған түні және 2 тамызда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен ойнайды.
Сондай-ақ, бүгін қазақстандық «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларының UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады