20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФутболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Астана» сырт алаңда «Лудогорец» (Болгария) командасымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойынды болгариялық команда белсенді бастады. Ойынның 25-минутында олардың қатарынан Бернард Текпетей есеп ашып кетсе, оған 29-минутта Дембо Дарбо бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде «Лудогорец» сапынан Якуб Пётровский 47, 58-минутта екі гол соқса, 50-минутта Бернард Текпетей тағы бір голдың авторы атанды.
Ал Кирилл Десподов 67-минутта болгариялық клубтың басымдығын арттырды.
Осылайша «Астана» қарсыласына 1:5 есебімен жеңілді.
Алғашқы ойында қазақстандық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
«Астана» бұдан бұрын Чемпиондар лигасында Грузияның «Динамо Тбилиси» клубынан (1:2, 1:1) айласын асырса, одан кейін Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:4, 0:2) есе жіберді.
Енді «Астана» Конференция лигасы плей-офф сатысында Албанияның «Партизани» командасымен кездеседі. Аталған команда үшінші іріктеу сатысында Латвияның «Валмиера» клубын (2:1, 1:0) орта жолда қалдырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?