Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФранцияның Од департаментінде соңғы ондаған жылдағы ең ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтық префектура әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады, ал қызыл жалын шарпыған аумақ 17 мың гектарды құраған.
Өртке қарсы күреске жұмылдырылған өрт сөндірушілер мен өзге де қызметкерлердің арқасында 17 мың гектарды қамтыған орман өрті толықтай сөндірілді, – делінген хабарламада.
Өрт 5 тамызда басталып, ыстық ауа райы, қатты жел және төмен ылғалдылық салдарынан мыңдаған гектарға тез тараған. Le Parisien басылымының мәліметінше, бір адам – қарт әйел көз жұмған, тағы тоғыз адам жарақат алған.
Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайо бұл өртті 1949 жылдан бергі ең ауқымдысы деп атады. Ал Монпелье прокуроры Кристоф Барренің айтуынша, жүргізілген сараптама өрттің шығу жағдайлары оның қасақана жасалған болуы мүмкіндігін көрсеткен.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді