19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманин елдегі тәртіпті қаматамасыз ету үшін үш тәуліктен бері 45 мың полицей жұмылдырылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ басшысы жексенбі күні жиналыс өткізіп, оның нәтижесімен полицейлердің үлкен күшімен тәртіп сақтауды жалғастыру шешімі қабылданды.
Осы кездесу барысында ішкі істер министрі «қатаңдық» туралы бұйрықты қайталап, тәртіп бұзушыларды қамауға алу «неғұрлым жылдам» жүргізіліп отыруын талап етті.
Бұған дейін ІІМ басшысы Ж.Дарманин «келесі жолы полицейге немесе жандармға біреу тиіссе, ол іздеп-табылатынын және қатаң жауапқа тартылатыныні» мәлімдеді.
Еске салайық, Францияда наразылықтар өткен аптаның басында Алжир тумасы 17 жастағы Нахель Мерзукті полиция қызметкері атып өлтіргеннен кейін басталды. Жас жігіттің өлімі Францияның маргиналды қауымдастықтарындағы полиция жұмысы туралы пікірталасты қайта жандандырып, нәсілдік қатынас кісі өлтіру факторына айналды ма деген сұрақтар туғызды.
Елдің Ішкі істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, 700-ден астам адам қамауға алынды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары