Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФранцияның батысындағы Курсемон қаласында өткен веложарыста 16 жастағы Ноа Сартис мәреге санаулы шақырым қалғанда кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Le Parisien-ге сілтеме жасағай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас спортшының жүрегі тоқтап қалған. Ол жолда құлап түскен, дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, өмірін сақтап қала алмады.
Ұйымдастырушылар жасөспірімдер арасындағы (17 жасқа дейін) жарыстан кейін өтуі тиіс ересектер арасындағы веложарысты тоқтатты.
Ноа Сартис – әуесқой велошабандоздың ұлы. Тамыз айында ол Франция чемпионатына қатысып, жеке старттағы жарыста 13-орын, шосседегі жарыста 99-орын иеленген еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді