Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан мен Франция президенттері Ақордада екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 8 ай ішінде екіжақты сауда-саттық көлемі былтырғымен салыстырғанда 21 пайызға артқанын, яғни 2,7 миллиард долларға жеткенін мәлім етті.
Франция осыған дейін Қазақстанға 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Бірлескен жобалар энергетика, бейбіт атом, тау-кен, химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс заттарын өндіру, аэроғарыш, фармацевтика және басқа да салаларды қамтиды. Бұдан бөлек тағы бірқатар маңызды жоба қолға алынбақ. Бұл жобалар бүгін өтетін қазақ-француз бизнес форумында жан-жақты талқыланады, - дейді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға алғысын білдірді.
Сонымен бірге екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары жандана түсті. Макрон мырза, осының бәрі сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында жүзеге асырылып жатыр. Мен сіздің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосып отырған өлшеусіз үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерімді салып, өзіңізбен бірге жұмыс істеуге дайын екенімді тағы да атап өткім келеді, - деді мемлекет басшысы.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?