Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФранция билігі мен Victimes & Citoyens жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауымдастығымен бірігіп осындай бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылар «жолда аман қалу үшін ерлер көлікті әйелдер секілді жүргізуі керек» деп санайды. Нақтырағы, рульге отырғанда сақтық шараларын сақтап, тәуекел етуден аулақ болу керек. Қауымдастық бұл апатты жағдайдың алдын алып, жолда қаза табатын адам санын азайтады деп сенеді.
Мамандардың пайымынша, әйелдердің басты кемшілігі – жолдағы жағдай кенет өзгергенде сасқалақтап қалатындығында. Яғни экстремалды жағдайда ер азаматтар дұрыс шешімді жылдамырақ қабылдайды. Сөйте тұра Францияда адам өлімімен аяқталған жол апаттарының 84%-ына ер азаматтар кінәлі болған. Апаттан ауыр жарақат алғандардың (75 %) да, мас болып көлік тізгіндегендердің (93 %) де басым бөлігі ер адамдар.
Әйелдер қауымы жол ережесін сирек бұзады, өліммен аяқталатын оқыс оқиғаларға ұшырау ықтималдығы (22%) сегіз есе аз, - делінген мәліметте.
Францияда әйел жүргізушілердің саны жалпы көлік тізгіндегендердің 42%-ын құрайды, олар орта есеппен жылына 11 200 шақырым жол жүреді, ал ерлер шамамен 12 500 шақырым сапар шегеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді