22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыForbes журналының нұсқасы бойынша, «Даллас Ковбойз» америкалық футбол клубы (NFL) әлемдегі ең табысты спорт клубы атанды.
Рейтингте екінші орынды НБА-ның «Голден Стэйт Уорриорз» командасы иеленсе, үшінші орынды НХЛ-дағы «Эдмонтон Ойлерз» және NFL-дегі «Лос-Анджелес Рэмс» секілді екі клуб бөлісіп отыр.
Америкалық футболдан өнер көрсететін «Даллас Ковбойз» клубының өткен маусымдағы операциялық табысы (пайыз, салық, тозу және амортизацияны есептемегендегі пайдасы) 629 миллион АҚШ долларын құрады. Команданың жалпы нарықтық құны 13 миллиард доллар деп бағаланған. Айта кетейік, клуб соңғы рет 1995 жылы Супербоулды жеңіп алған.
Рейтингтің екінші сатысында тұрған «Голден Стэйт Уорриорз» клубының операциялық табысы 409 миллион долларды құрады. Команданың құны 11 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Үшінші орынды НХЛ-дағы «Эдмонтон Ойлерз» бен NFL-дегі «Лос-Анджелес Рэмс» бөлісті. Екі команданың да операциялық табысы 244 миллион доллар болғанымен, нарықтық құны әртүрлі:
«Эдмонтон Ойлерз» — 3,2 млрд доллар
«Лос-Анджелес Рэмс» — 10,5 млрд доллар
Forbes тізіміндегі үздік ондыққа төмендегі клубтар да кірген.
Mercedes («Формула-1») — 227 млн доллар
«Нью-Ингленд Пэтриотс» (NFL) — 222 млн доллар
«Атланта Хокс» (НБА) — 203 млн доллар
«Филадельфия Севенти Сиксерс» (НБА) — 203 млн доллар
«Хьюстон Рокетс» (НБА) — 191 млн доллар
«Торонто Мэйпл Лифс» (НХЛ) — 191 млн доллар
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев