20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында 65-концерттік маусымның жабылуына арналған ауқымды «FOLK SHOW» Гала-концерті өтті.
«FOLK SHOW» – ұлттық музыкалық мұраны заманауи форматта дәріптеуге бағытталған бірегей концерттік жоба. Жобаның авторы әрі дирижері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, заманауи музыка өнерінің жарқын өкілі Әділет Азбаев.
Гала-концертте «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі және G band-тың орындауындағы әлемдік хиттерді, танымал кино және тележобалардың саундтректерін, сондай-ақ қазақ музыкасының кеңінен танылған туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Сондай-ақ музыкалық кеште «Гүлдер» би ансамблі, «Бірлік» би ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театрының шығармашылық ұжымы, Ербол Тәжібаев, Айзада Кемел, Олжас Құрманбек, Алтыншаш Мұқатаева, Дидар Абдухалық, Жанна, Нүркен Якияев, Самғар Толқынханұлы және Қазақконцерттің өзге де белгілі әртістері өнер көрсетті.
Бағдарламада «Qazaq Symphony», «Шал», «KZ Hits», «Детство», Батырхан Шүкенов шығармаларына арналған музыкалық композициялар, «Қазақша тренд» топтамасы және Құрманғазының «Адай» күйі сынды қазақ музыкасының алтын қорынан туындылар және «La La Land», «Avatar», «Titanic», «Game Evolution», «Game of Thrones», «Ва-банк» және «Bollywood Medley» сияқты әлемдік хиттер мен киноиндустрияның үздік саундтректері де көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш қонақтары түрлі бағыттағы шығармаларды тыңдап қана қоймай, хореографиялық қойылымдарды тамашалады.
Айта кетейік, концерттің басты мақсаты – ұлттық музыкалық өнерді кеңінен насихаттау, халық аспаптарының шығармашылық әлеуетін көрсету болды. Осылайша «Қазақконцерт» 65-маусымның қорытындысында дәстүрлі өнерді қазіргі заманғы музыкалық үрдістермен сабақтастыра отырып, мыңға жуық көрерменге сан түрлі эмоция сыйлап, жаңа маусымға дейін қош айтысты.
Кеш соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан «Қазақконцерт» ұжымына «Ықылас гүлі» табысталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?