Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЛ.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде көп жылдар ұстаздық еткен телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Эльмира Ибраева өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды ақын, Л.Гумилев атындағы университеттің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсеннғазы желі парақшасында жазды.
Эльмира Ерікқызы ұзақ уақыт денсаулығы сыр беріп, дертімен күресіп келген. Алайда 9 мамыр кешкі уақытта дүниеден өтті.
Кафедрамыздың мүшесі, аяулы әріптесіміздің мезгілсіз қазасына қабырғамыз қайыса отырып, ата-анасына, отбасына, туған-туыстарына ұжымның атынан қайғырып көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын! Марқұмды жерлеу рәсімінің уақытын таңертең қосымша хабарлаймыз,-делінген жазбада.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар