Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТөтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға екі сағаттан кейін ғана түскенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ өкінішке қарай, ол хабар бізге 18:08 минут кеткенде түскен. Былайша айтқанда, екі сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып, әкімшілік іс қозғалды, – деді Бауыржан Сыздықов.
Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті екенін атап өтті.
Еске салсақ, біз бұған дейін YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы №1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны туралы жаздық. Солардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді