20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласында басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алып, ажал құшқан 23 жастағы Ұлдана Қалдарханқызына Денсаулық сақтау министрлігі арнайы сынып ашып, ескерткіш орнатады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдананың құрметіне бірқатар естелік шараларын жүзеге асырады. Бұл туралы министр Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қайсар маманның есімін есте қалдыру үшін медициналық колледждердің бірінде арнайы атаулы сынып ашылады. Онда студенттерге алғашқы медициналық көмек, шұғыл жағдайларда әрекет ету және фельдшерлік қызметтің маңызы туралы тереңдетілген білім берілмек. Сонымен қатар, оқу орнында Улдананың ерлігі туралы ақпараттық бұрыш жасалып, болашақ медицина қызметкерлеріне үлгі ретінде ұсынылады.
Ұлдана өз өмірін өзгелердің амандығы үшін арнаған нағыз кәсіби маман. Оның ерлігі мен жанкештілігі ешқашан ұмытылмайды. Біз мұндай жандарды құрметтеу арқылы жастарды адам өміріне бейжай қарамауға тәрбиелейміз, - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Ұлдана Қалдарханқызына қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалі берілген болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?