Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭверест шыңын (8 848,86 м) бағындыруға аттанған альпинистер енді кері қайтар жолда жоғары биіктіктегі аймақтардан кемінде 2 келі қоқыс алып түсуге міндеттеледі. Бұл талап Непал билігінің әлемдегі ең биік шыңдағы экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықтарды басқаруды күшейту мақсатында енгізілген жаңа ережелерінің бірі.
The Himalayan Times басылымының хабарлауынша, Сагарматха өңіріндегі ластануды бақылау комитеті (SPCC) альпинистер бұрыннан экспедиция соңында базалық лагерьге кемінде 8 келі қоқыс тапсыруға міндетті екенін еске салды. Енді соған қосымша, екінші базалық лагерьден (6 400–6 750 м) жоғары орналасқан учаскелерден жиналған тағы 2 келі қалдықты бірге алып түсу талап етіледі.
Жаңа талаптың орындалуын SPCC қызметкерлері екінші лагерьде тексереді. Комитеттің бас директоры Церинг Шерпаның айтуынша, биылғы маусымнан бастап экспедиция қатысушыларына жеке пайдаланатын нәжіс пакеттерін қолдануға да тыйым салынады. Оның орнына SPCC мен жергілікті әкімдік ұсынған арнайы қаптарды ғана пайдалану міндетті болады.
Бұл шара, мамандардың пікірінше, альпинистердің қалдықтарды бей-берекет қалдыруын азайтып, Эвересттің экожүйесін сақтауға бағытталған. Міндетті қаптар тіркеліп, экспедиция аяқталған соң толық жиналып алынады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?