Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайдың «Тобыл» клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу раундының қарымта матчында өз алаңында Словакияның «Ружомберок» клубын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Командалар алаңға мына ойыншыларын шығарды:
«Тобыл»: Покатилов, Габараев, Миладинович, Ндиайе, Тапалов, Мосиашвили, Эссьен, Чесноков, Эль-Мессауди, Энен, Иванович;
«Ружомберок»: Фрухвалд, Мойжиш, Малы, Кестл, Домонкос, Мудры, Лавринчик, Лутеран, Хриен, Келемен, Гладик.
Алаң иелері матчты белсенді бастап, сегізінші минутта-ақ қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Кездесудің есебін Ахмед Эль-Мессауди ашты. Осыдан соң қостанайлықтар шабуылды үдете түсті, тіпті гол да соққан, алайда төреше оны есептемей қойды. Осыдан соң ойын қарқыны бәсеңдеп, алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймда «Тобыл» қайта шабуылға көшті, бірқатар қауіпті соққы да болды, әсіресе Ислам Чесноковтың тепкен добы қақпаға дәл бағытталғандай көрінген, алайда олай болмай шықты. Осылайша, кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Тиісінше клубтың Еуропа лигасындағы жорығы да аяқталды.
Енді «Тобыл» Конференция лигасында бақ сынайды. Қостанайлықтардың қарсыласы – Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубы.
«Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) — «Ружомберок» (Ружомберок, Словакия) 1:0 (1:0).
Гол: Эль-Мессауди 8 (1:0)
Бірінші ойын: 2:5.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?