Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің С лигасының С4 тобының матчында сырт алаңда Румыниямен ойнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кездесуде Румыния фаворит болған.
Қазақстан алаңға мынадай құраммен шықты: Портнова, Гайстенова, Мясникова, Нұрышева, Демидова, Хайрулина, Айтымова, Низамутдинова, Тұрлыбекова, Тучина, Құлмағамбетова.
Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ шабуылға шыққанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Осылайша алғашқы таймда есеп ашылған жоқ.
Есесіне екінші таймның орта тұсында Кристина Карп Румынияны алға шығарып, осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды.
Қазақстан турнирдің екінші матчында жеңіліп отыр. Құрама еншісінде әзірге ұпай жоқ.
Мадияр Кембілов шәкірттері келесі матчын 16 шілдеде Болгариямен өткізеді.
Румыния – Қазақстан – 1: 0 (0: 0)
Гол: Карп, 69 (1:0).
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді