30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОрал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдлимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті Сәуле Шакуова қатысып, спортшыларды Спартакиаданың ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тек 2025 жылы Астана, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларында төрт инклюзивті спорт орталығы пайдалануға берілді. Жасалып жатқан осындай жүйелі жұмыстар спортшыларымыздың кәсіби тұрғыда дамуына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр.Соның жарқын дәлелі – 2025 жылы Жапонияда өткен Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алуы. Осындай жетістіктермен қатар, елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың қатары да жыл санап артып келеді. Биылғы Спартакиадаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшының қатысуы – соның айқын көрінісі. Осы Спартакиадада жаңа есімдер танылып, биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтататын мықты спортшылар шығатынына сенімдімін», – деді Нұрлан Есембаев.
Айта кетейік, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір рет өтетін Спартакиада биыл еліміздің үш өңірінде 10 спорт түрі бойынша ұйымдастырылып, 274 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Атап айтқанда, 10–12 тамыз аралығында Алматы қаласында сурдо жеңіл атлетикадан, 10–15 тамыз аралығында Алматы облысында сурдо жүзуден жарыстар өтті. Ал 17–25 тамыз аралығында Орал қаласында шахмат, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таеквондо, футбол, еркін және грек-рим күресінен жарыстар өтеді.
Спартакиаданың басты мақсаты – есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру, сондай-ақ үздік спортшыларды анықтап, ұлттық құрама команда қатарына іріктеу.
Спартакиада 25 тамызға дейін жалғасады.
Ақпарат үшін:
Қазақстанда есту қабілеті зақымданған спортшыларға арналған алғашқы Спартакиада 2014 жылы 5 спорт түрінен өтті. Оған 400спортшы қатысты. Содан бері Спартакиада тұрақты түрде төрт жылда бір рет
ұйымдастырылады: I Спартакиада (2014 ж.Алматы қ) — 400 қатысушы, 5 спорт түрі.
ІІ Спартакиада (2018 ж.Ақтөбе қ) — 1000-жуық қатысушы, 11 спорт
түрі.
ІІI Спартакиада (2022 ж.Шымкент қ) — 800-ден астам қатысушы, 11 спорт
түрі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды