19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Адам баласының есте сақтау қабілеті әртүрлі. Бірі оқиғалардың күнін, адамдардың толық аты-жөнін қиналмай айтып беретін болса, екіншісі оқығанын сол мезетте-ақ ұмытып қалады. Біздің мына кеңестеріміз екінші топқа жататын адамдарға арналады. Иә, жадыны жақсартуға бағытталған жаттығулар мен кеңестер өте көп. El.kz ақпарат агенттігі солардың арасынан әзірге тек сегізін іріктеп жазуды жөн көрді.
Ұғыну заңы. Бұл заң ең қарапайымы әрі ең маңыздысы. Неміс жазушысы Георг Лихтенберг «Адамдар өздері көп ойланбайтындықтан, оқығанын ұмытып қалады» дейді. Бір нәрсені есімізде жақсы сақтау үшін оның мағынасына үңіліп, тереңнен ойлануымыз қажет.
Ықылас заңы. Жазушы Анатоль Франс «Білімді бойға жақсылап сіңіру үшін оны тәбетпен асап жеу қажет» екендігін айтады. Ал қызықты дүниені есте сақтау үшін аса күш салмайтынымыз белгілі.
Келер білім заңы. Жаңа тақырыпқа сәйкес білім қорыңыз мол болғаны жақсы. Бұрын-соңды оқыған кітабыңызды қайта қолыңызға алғанда, оны бірінші рет оқып отырғандай күй кештіңіз бе? Бұл – алғашқы тәжірибенің жетіспегендігінің салдары.
Есте сақтауға дайындық заңы. Қандай ақпаратты алғыңыз келсе, оқығаныңыздан дәл сондайын сіңіресіз. Дәл осы уақытқа да қатысты. Ақпаратты көп уақытқа есте сақтауым қажет деп жаттаңыз.
Ассоциация заңын б.з. . IV ғасырда Аристотель айтып кеткен болатын. Бұл жаңа мен ескінің байланысы. Мысалы, сіздің жаңа танысыңыздың көп уақыт бойы көрмей кеткен досыңызға мінезі, түр, тұлғасы қатты ұқсауы мүмкін. Ал есімдерінде ұқсастық бар ма? Сондықтан әрбір алған ақпаратыңызды жаңамен байланыстырып отырыңыз.
Жүйелілік заңы. Әліпбиді ретімен айтып шығу оңай болғанымен, керісінше, қайталау қиын. Сол секілді тақырыпты жүйелі түрде оқып отырған жөн.
Күшті әсер заңы. Жаңалық әсерлі болған сайын, есте ұзағырақ сақталады. Өткен өміріңіздегі ерекше күнді еске түсірер болсаңыз, міндетті түрде ерекше әсерге бөленген сәтті тізіп шығасыз. Жинаған ақпаратыңыз да кез келген сәтте есіңізге түссін десеңіз, міндетті түрде бастапқы қабылдаудың әсерін күшейтіңіз.
Тежелу заңы. Әр нәрсенің шегі бар. Жаңа тақырыпты оқымас бұрын, ескісін тиянақтап алыңыз. Осыған сәйкес оқушыларға физикадан кейін математиканы, әдебиет пәнінен кейін тарихты, ұйқы алдында тақпақты жаттамауға кеңес береміз.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары