29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген айтты.
Оның сөзіне қарағанда, мамандардың ұсынысын тыңдамайтындар көп және белгіленбеген жерлерде шомылуды тоқтатар емес.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша барлық қажетті іс-шараларды қарқынды жүргізуде. Жұмыспен қамту орталығының полиция қызметкерлерімен, ұлттық ұланмен, еріктілермен және қоғамдық қызметкерлермен бірлесіп, күн сайын қаланың су айдындарында патрульдеу, халықпен әңгімелесу жүргізіледі. Сол сияқты судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарына жұмылдырылады. Су айдындарында тыйым салатын қалқымалы белгілер мен ақпараттық стендтер орнатылған.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бүгінге дейін елорданың су айдындарында 3 адам суға кетті, оның 3-еуі де бала. Былтыр осы аралықта 2 адам суға кетіп, көз жұмды, оның ішінде 1-еуі – бала. Қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдыны аумағында тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылды. Алайда серуендеуге шыққандар құтқару қызметкерлерінің ескертуін елемей ғана қоймай, оларға дауыс көтеріп, намысын таптайтындар, сол сияқты тыйым салу белгілері мен стендтерді бұзатындар да бар, - деді Ратбек Демеуберген
Бүгінде Нұр-Сұлтанда шомылуға тыйым салынған 21 су қоймасы бар. Олардың қатарында – Шұбар елді мекеніндегі Есіл өзені, Газмашаппаратура, Тельман, Триатлон паркі, Депутаттық қалашық, Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы және т.б. бар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде қалада шомылуға рұқсат етілген үш учаске бар: «Орталық қалалық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары.
Сондай-ақ әкімдіктің қаулысына толықтырулар29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек