Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұл жөнінде ІІМ баспасөз брифингінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Серік Сұлтановтің сөзінше, Мемлекет басшысы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарының маңыздылығы туралы айтып, қауіпсіздік кеңесіне құжаттың орындалу барысын бақылауға алуды тапсырған.
Кешенді жоспардың негізгі мақсаты – сұранысты азайту және есірткінің қауіпті түрлерінің таралуының жолын кесу бойынша жалпыұлттық деңгейде шаралар қабылдау. Авиатехника мен пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, өтпейтін учаскелерде жасырын нарколабораториялар мен плантацияларды жою. Есірткіге тәуелділікті ерте кезеңде, оның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында анықтау және есірткі тұтынушылардың сенімді есебін қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ уәкілетті органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру және ұйымдық-құқықтық мәртебесін арттыру, – деді аға инспектор.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ ол нашақорлықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге, нашақорлықты емдеуге және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамытуға, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге көп көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етті. Осы іс-шараларды іске асыруға бюджеттен 53,1 миллиард теңге бөлу көзделген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді