Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркияда шоу-бизнес өкілдеріне қатысты дау өршіп тұр. Ыстамбұл қаласында жүргізілген арнайы операция барысында танымал тұлғалар жаппай ұсталды.
Жергілікті TRT Haber мәліметінше, қала прокуратурасы ең танымал ойын-сауық орындарында тінту жүргізуге санкция берген. Тергеу аясында 24 адамға қатысты ұстау туралы ордер шығарылған: оның 17-сі Ыстамбұлда, біреуі Түркияның өзге өңірінде, ал тағы алтауы шетелде жүргені анықталған.
Қазіргі таңда 17 адам ұсталған. Олардың қатарында «Тағдырға сен» («Зимородок») және «Клюквенный щербет» сериалдары арқылы танылған актриса Алейна Бозок, бұрынғы футбол төрешісі әрі инфлюенсер Элиф Караарслан, сондай-ақ Kütüphane клубы иесі Али Коз бар.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, актер Илкер Инаноглу мен әнші Джем Адриан да күдікке ілінген. Алайда олар қазіргі уақытта шетелде жүргендіктен, әзірге ұсталған жоқ.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер есірткі қолдану, сондай-ақ жезөкшелік ұйымдастыру және оған жағдай жасау баптары бойынша тексерілуде. Қазіргі таңда ұсталғандардың барлығынан жауап алынуда, ал құқық қорғау органдары өзге күдіктілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Түркиядағы бұл атышулы іс наурыз айында басталған. Сол кезде де бірқатар танымал тұлға есірткіге байланысты күдікке ілініп, тергеу амалдары жүргізілген еді. Олардың арасында актриса Ханде Эрчел де болған. Кейін ол елге оралған соң тергеу органдарына өз еркімен келіп, түсініктеме берген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер