Жаңалықтар

«Есіме алғым келмейді»: Щучинск дәмханасында болған өртке қатысты сот отырысы басталды

26.06.2026 13:15
EL.KZ
Фото: Оқиға орны, instagram.com/shchuchinsk.city парақшасынан скриншот

Ақмола облысында Щучинск дәмханасына жарылысқа қатысты іс бойынша сот процесі басталды. КТК арнасының хабарлауынша, алғашқы отырыста жәбірленуші тарап сөз сөйледі.   

Телеарна мәліметінше, «Центр плова» дәмханасының 39 жастағы иесі – қайғылы оқиғаға қатысты айыпталушылардың бірі.  Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін автогаз құю станциясының директоры да жауап беріп жатыр. Үшінші айыпталушы ретінде газ баллонын жеткізіп берген адам үй қамаққа алынған. Бірақ ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. 

Сот отырысы кезінде дәмхана иесі оқиға туралы кейінірек түсініктеме беруге рұқсат тұрады. Ал жәбірленушілер болса ағынан жарылып, болған жайды баяндады. 

Қазір жағдайым жақсы. Қолым жазылып келеді. Соттан әділ шешім күтеміз. Өрт болмастан, 20 минут бұрын тамақтануға келген едік. Тамаққа тапсырыс беріп отырдық. Өрт болғанда тек көзім мен бетімді жауып үлгердім. Басқа ештеңе есімде жоқ. Ауруханада 35 күн жаттым. Оның бәрін есіме алғым келмейді, – деді жәбірленуші Сайлау Рахымжанов.

Прокурордың айтуынша, жарылыс газ баллондарын толтыру мен қолдану талапқа сай жүргізілмегендіктен болды.

Х.М. өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты тұлға бола тұра, оларды бұзды. Яғни абайсызда ауыр зардаптарға, адам денсаулығына ауыр зиян келуіне және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқты деген айып тағылуда. В. Д. мен Ж. С. тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтерді көрсету, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келуіне, сондай-ақ адам өліміне әкеп соқтырған қылмысты жасады, – деді прокурор Елена Сайлаубекова сот отырысында.

фото: ТЖД

Есте болса, 26 ақпанда Ақмола облысының Щучинскте орналасқан «Центр плова» кафесіндегі жарылыс елді дүр сілкіндірді. Оқиға кезінде ғимарат ішінде ондаған адам болған. Куәгерлер бәрі қас-қағым сәтте болғанын айтады. Ресми дерекке сәйкес, оқиға салдарынан 16 адам зардап шекті. Жеті адам қаза тапты: бесеуі оқиға орнында, тағы екеуі 26 ақпанда жансақтау бөлімінде көз жұмған. Қайтыс болғандардың арасында 16 жастағы қыз болған, ол кафеде жұмыс істеген. Кейінірек өрттен 12 адам қайтыс болғаны хабарланды. 

Оқи отырыңыз