Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқмола облысының Атбасар ауданында 100-ден аса ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ығып, мұз құрсауында қалып қойған жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі.
Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығаруда. Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға таси бастаған.
Шығын көлемі есептелген жоқ. Мамандар суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер