7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайларына тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бектенов республика бойынша су тасқыны кезеңі бірқалыпты өтіп жатқанын, десе де Ақмола облысында сәуір айының басында күрделі жағдай қалыптасып, 100-ден астам үй-жайды су шайып кеткенін тілге тиек етті.
Қазір ахуал тұрақталып, қауіп сейілді деуге болады. Тосын жағдай елді мекендерді қорғау бойынша инженерлік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуінен болған. Яғни, су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлаумен орындаудың сапасыз болғаны көрініп тұр. Су деңгейі де үлкен емес, оған тосқауыл қоюға болатын еді. Макинск қаласына да су жайылды. Жергілікті билік қажетті шараларды уақтылы қабылдамаған, – деді премьер-министр.
Үкімет басшысы жыл сайын өңірде осы елді мекендерді су басатынын, демек Ақмола облысында қабылданып жатқан шаралар тиімсіз екенін айтты.
Баспаналар мен жер телімдері су астында қалған тұрғындарға жәрдемдесіп, көмек көрсетіңіздер. Жалпы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында дер кезінде қабылданған шаралар су тасқыны мен шығындардың алдын алуға мүмкіндік берді. Десе де СҚО Есіл өзенінде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр. ШҚО таулы аудандарында әлі де 50 пайызға жуық қар жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі
мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайларына тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырамын, – деді Бектенов.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?