10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркияда адам қағып, қашып кеткен әнші Ерлан Көкеев ақталып жатыр. Ол өзінің ешқайда қашпағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист Гүлмира Әбіқай Аланияда әнші, "АБК" тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевке іздеу салынғанын мәлім еткен еді. Ол әншінің мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетіп, мүгедек қылғанын айтты. Әнші оқиғадан соң елге тайып тұрғанын да жасырмады.
Ал Ерлан Көкеев бұл ақпараттың жалған екенін айтып отыр.
Заң аясында ғана жауап беруге тиіс болғандықтан әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Онымен айналысып жатқан заңгер бар. Ешқайда жасырынбадым, қашып кетпедім. Әлеуметтік желіні жүргізіп отырмын. Сондықтан, бұл іске қатысты қандай да бір шешім шықса, халыққа бірден жариялауға тырысамын, – деді әнші.
Айта кетейік, Ерлан Көкеевке хабарласа алмаған журналист Гүлмира Әбіқай оқиғаның қалай болғанын әлеуметтік желіде жариялаған еді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді