10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал әнші, продюсер Ерболат Беделхан Ninety One тобы Orda тобының жүрген жолын қайталап келе жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізінде олар мықты музыканттар. Топ құрылғалы бері, балаларды жинаған кезден бастап бойындағы қасиеттерінің бәрін білдім. Біз жеке-жеке кетіп, әр қайсысымыз өзіміздің жолымызға түскен кезде жігіттердің “белгілі бір күйзелістен өтеді-ау” деп ойладым. Сол күйзелістен дұрыс өтсе жақсы болар еді. Айтқым келгені, шығармашылық күйзеліс, өнер жолы, шығармашылық таңдау мәселесі, – дейді Ерболат Беделхан.
Продюсердеп бөлініп кеткен "Ninety One" тобы ешқандай жаңашылдық жасамағанын да атап өтті.
Кез келген шешімін қолдау керек. Тағы қайталап айтайын, менің жолымды қуып келе жатыр. Қалай қарасаңыз да, мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ. "Orda” қандай жолдан өтсе, “Ninety One" дәл сол жолды қайталап келе жатыр. Қанша жерден ерекшеленеміз десе де, ешқандай өзгеріс жоқ. Кезінде біз де тайм-аут алдық. Бір емес, үш рет. Сондықтан бір нәрсені жаңадан құру үшін, ескіні қиратудың қажеті жоқ, – деп пікір білдірді өнер иесі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді