18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі жағдайдың қиын екенін, қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ ол азаматтарымызды елге қайтару кезінде олардың консулдықта тіркеуге тұрмағаны мәселе туындатып отырғанын назарға алды.
7 қазанда Израильдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты СІМ-де жедел штаб құрылып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін жедел орындауға кірісті. Израильдегі Қазақстан азаматтары мен олардың туыстары үшін жедел желі құрылды,- деді ол.
Оның сөзінше консулдық есебінде 77 азамат тіркеуде тұр.
Бұл консулдық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда. ЖОО-ларда 5 қазақстандық студент оқиды. 30-ға жуық қазақстандық тағылымдамадан өтіп жатыр. Барлығы 112 адам бар екенін анықтадық,- деді ол.
Осы уақытқа дейін 118 азамат елге оралуға ниет білдірген. Сондай-ақ Израильдегі әуежай жұмысын штаттық режимде жасап жатқанын айтты.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр