10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыQazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошы Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс жолында Қуанов тартысты белдесулер өткізіп, үшінші орын үшін өткен кездесуде Грузия өкілі Михейли Бахбахашвилиден басым түсті.
Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынындағы бесінші медаль. Бүгін сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күресетін болады.
Аталған турнирде кеше қазақстандық 4 дзюдошы жүлдегер атанды. Олардың арасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медальға қол жеткізген.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді