Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕрте жүктілікке жасөспірімнің сауатсыздығы себеп те қана айтуға болмайды. Мамандар бұл мәселеде ата-ананың баласымен ашық сөйлеспеуін және мектептегі жыныстық тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігін де маңызды фактор ретінде қарастырады. Гинеколог-эндокринолог Әсем Акетаева ата-ана баласына жыныстық жетілу, етеккір, контрацепция және жеке гигиена туралы ақпаратты ерте жастан түсіндіруі керек екенін айтты.
Жасөспірім шақта ағзада ғана емес, психологиялық тұрғыдан да үлкен өзгерістер болады. Алайда көп отбасында етеккір, жыныстық жетілу, контрацепция секілді тақырыптарды ашық талқылау әлі де «ұят» саналады. Соның салдарынан балалар қажетті ақпаратты ата-анасынан емес, интернеттен немесе достарынан іздеуге мәжбүр.
Ерте жастағы жүктілікті сауатсыздықтан болды деп айта алмаймыз. Бұл ең алдымен ата-ананың балаларымен ашық сөйлеспегенінің салдары. Жалпы етеккір қалай басталады, бала қалай туылады, контрацепция сияқты тақырыпты анасы қызына, әкесі ұлына ашық айтуы керек. Бала бұл ақпаратты басқа жақтан естігенше, өз ата-анасынан естісе, жеңіл болады. Жыныстық сауаттылық та осылай қалыптасады, – дейді гинеколог-эндокринолог Әсем Акетаева.
Статистика не дейді?
Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік мәселесі әлі де өзекті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 15-17 жас аралығындағы қыздар арасында шамамен 1 450 босану тіркелген. Сонымен қатар 355 аборт жасалған. Ал 14 жасқа толмаған қыздар 22 баланы дүниеге әкелген.
Дегенмен соңғы жылдары көрсеткіштің төмендегені байқалады. 2022 жылы 15-17 жастағы әрбір 1 000 қызға шаққанда 3,84 босану тіркелсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3,14-ке, ал 2024 жылы 2,88-ге дейін азайған.
Жыныстық сауаттылық мектептен басталуы керек
Әсем Акетаева бұрын мектептерде гинеколог мамандардың жоғары сынып оқушыларына арнайы сабақ өткізгенін айтты. Алайда қазір мұндай тәжірибе сиреп кеткен.
Бұрын мектепте бірнеше гинеколог жиналып, жоғары сыныптың қыздарына ашық сабақ өткізетінбіз. Қазір бұл үрдіс азайып кетті. Жыныстық сауаттылықты мектептен бастап үйрету керек. Сонда ерте жүктілік саны азаяр еді, – дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, қыз балаға етеккір туралы ақпаратты алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін емес, алдын ала түсіндіру қажет. Ол үшін анасы қызымен шамамен 10 жасынан бастап сөйлесіп, ағзадағы өзгерістерді, жеке гигиена мен дене күтімін түсіндіргені дұрыс.
Етеккір туралы анасы қызына 10 жасынан бастап айтуы керек. Дене күтімі, гигиена мәселесі үйде шешілсе, қыз балаға қоғамда да жеңіл болады, – дейді Әсем Акетаева.
Бұл жерде бастысы – баланы қорқыту немесе ұялту емес, өз денесін түсінуге, өзгерістерді қалыпты қабылдауға және қажет кезде көмек сұрауға үйрету.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер