30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 12-ші Саммиті қарсаңында өткен ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік кездесудің барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша «сағаттар теңестірілді».
Өз сөзінде Е.Көшербаев қазіргі геосаяси және геоэкономикалық жағдай аясында Ұйымның артып келе жатқан рөлін ерекше атап өтті. «Бүгін ТМҰ ортақ мүдделерді ілгерілету, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және әлемдік аренада келісілген ұстанымдарды қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды», – деді ол.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы отырысқа қатысушыларды түркі әлеміндегі экономикалық ынтымақтастықтың негізгі қозғаушы күші болуға қабілетті Түркі инвестициялық қорының қызметін жедел бастауға шақырды.
Сондай-ақ ол бауырлас елдерді Астанада орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер мен жақында ашылған «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының әлеуетін жаңа идеялар мен инновациялар үшін бастапқы алаң ретінде пайдалануға шақырды.
Іс-шара соңында министрлер түркі ұйымдарының қызметін дамыту мен кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттарды қабылдады, сондай-ақ ТМҰ 12-ші Саммитінің қорытынды құжаттарының жобаларын қарап, мақұлдады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды