Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарда отандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтіп, біраз ата-ана балаларын таба алмай қалды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері жіті қадағалады. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткені белгілі болды.
"Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды", - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан бөлек, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарына 11 әкімшілік хаттама толтырылған.
Павлодардағы Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналды. Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан мен оның күйеуі Раим да халық алдында өнер көрсетті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді