10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал әнші Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат сөмке сыйлыққа алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан 10 жыл бұрын, қомақты табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды, – дейді ол.
Өнер иесі тапсырысын 2 ай күткенін жасырмады.
Әрине, әңгіме сәнді киінуде емес. Ең маңыздысы – деннің саулығы. Бірақ әр әйелдің ішкі сезімін рахатқа бөлеп, өмірін әдемі ететін дүниелер бар. Оған ұмтылудың еш айыбы жоқ. Өзімнің арманым, әрі күйеуімнің қолдауының арқасында армандаған сөмкені алдым. Бағасы – 12 миллион теңге. Тапсырыс беріп, екі ай күттім. Арнайы мен үшін ғана тігілген. Көлемі – 25 сантиметр. Осы жылдың тренд түсі, – деп жазды әнші.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді