10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы оқырмандарын кіші ұлы Исламның суретін салып қуантып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
39 жастағы өнер иесі ұйықтап жатқан ұлының суретін Stories-те жариялады.
Үйдің бар шаруасын аяқтап, енді ұйықтап жатыр, - деп жазды Ерке.
Бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі RaiM екеуі тағы бір ортақ ән жазғанын сүйіншілей хабарлаған.
Өнер иесі талантты жан жарымен жұмыс істегеніне қуанышты екенін айтты. Ерке күйеуімен түскен видео жариялап, шығармашылығындағы жаңалығын жария етті. Әртістер «Ойыңды айтшы» әнін көпшілік назарына ұсынған.
Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі - бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім хит болды екен деп, соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, ол - RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты, - деп жазды Ерке Есмахан.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді