Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАрменияда самбо спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары үш медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ереванда ел намысын қорғаған Еламан Қойшыбаев 88 кг салмақта финалға шыққан болатын. Отандасымыз жартылай финалда ӘЧ-ның қола жүлдегері, парсы балуаны Сейед Саедиманадиден 5:1 есебімен басым түсті. Өкінішке қарай, ол чемпиондық сында қырғыз балуаны Жамалбек Асылбек уулуынан ұтылып қалды.
Бұдан бөлек, Арнұр Қуатай (71 кг) мен Шынар Абатова (72 кг) қола жүлдегер атанды. Әзірге Қазақстан самбошылары чемпионат кестесінде 2 күміс, 3 қола жүлдемен жалпы есепте 8-орында тұрақтады. Бүгін әлем чемпионатының соңғы күнінде 7 салмақ дәрежесі бойынша балуандар белдесуі өтетін болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді