Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған 3 номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды.
Ербол Тәжібаев Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Классикалық вокал» мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған.
Еліміздегі «Qazaqstan дауысы», «Topjargan», «Бес жұлдыз» және т.б. көптеген беделді республикалық байқаулар мен жобаларда керемет өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленген ерекше дарын иесі.
Ерболды өнер додасындағы жеңісімен құттықтай отырып, толайым табыс, жаңа жетістіктер мен бақ-береке тілейміз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?